"СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары С. Ахметов Петропавлдық ЖЭО-2 келіп кеткені туралы хабарлады

26.04.12 11:08
/KASE, 26.04.12/ – Облиягациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавл), биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 2012 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Бірінші Орынбасары Серік Ахметов Солтүстік-Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавлдық ЖЭО-2 де келіп кетті. Петропавлдық ЖЭО-2 келу ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Серік Ахметовтың аймақтың өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарына барып қайту бағдарламасының бір тармағы болатын. "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Вице-Премьерді Еркін Әмірханов Компанияның 2010-2015 жж. арналған инвестициялық бағдарламасын жүзеге асуы барысымен таныстырды. 2015 жылға дейін станцияда үш турбоагрегат, бір котлоагрегат орнатылып, қалған төрт котлоагрегат қайта жөндеуден өткізілетіні туралы баяндады. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1165947 мекен-жайы бойынша танысуға болады.