"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) бөлшек несиелендіру нарығында өзінің үлесін 15 % көбейтуді жоспарлауда

25.04.12 17:56
/KASE, 25.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 25 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Еуразиялық Банк меншікті бөлшек желілерін кеңейту аясында қазақстандық нарықта теңдесі жоқ Бөлшек қызмет көрсету орталығының (БҚО) жаңа моделін ұсынды. Қазақстанда 2012 жылдың аяғына дейін, Алматы қаласындағы бесеуін қосқанда, жаңа үлгідегі 73 Бөлшек қызмет көрсету орталықтары ашылатын болады. Еуразиялық Банктің аймақтық экспансия бағдарламасы меншікті бөлшек желілерін 2013 жылдың аяғына дейін 3000 орыннан асатындай етіп (20 филиал толық қызмет спектрімен, 120-дан астам Бөлшек қызмет кӛрсету орталықтары және 2500 қызмет кӛрсету орындары) кеңейтуді қарастыруда. Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон атап көрсетті: "Банктің қаржы секторлары үшін офистер жобалауға маманданған танымал дизайнерлік компаниялармен бірлесіп қызмет істеу нәтижесінде, бізге, Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынаста жаңа айналымға бастау беретін банктік қызметтердің жоғары технологиялық орталықтарын көрсетуге жаңа мүмкіндіктер туды. Банктің клиенттерге қызмет көрсету саласында алдыңғы қатарда екендігін мақтанышпен айтқым келеді. Банк клиенттердің талабына байланысты өзінің қатысу саласын кеңейтеді, сондықтан клиенттермен қатар, Банк қызметкерлеріне де арналған ұтымды шешім шығаруда жұмыс істеуді одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз". Еуразиялық өзінің бӛлшек желілерін кеңейту есебінен қазақстандық нарықта айтарлықтай үлес алуға мақсат қойып отыр. Осылайша Банктің жоспары – бөлшек кредит беру нарығындағы үлесті бизнес көлемін екі есе арттырып, 15% -ға дейін ұлғайту. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_250412_k.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_250412.pdf – орыс тілінде.