ҚҰБ ҚҚК "Баян Сұлу" АҚ (Қазақстан) акциялары 2011 жылдың 03 қазанынан 2012 жылдың 02 сәуіріне дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

25.04.12 16:27
/KASE, 25.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 13 сәуіріндегі хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚК "2011 жылдың 03 қазанынан 2012 жылдың 02 сәуіріне дейінгі кезеңде "Баян Сұлу" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚК ақпаратына сәйкес, 2012 жылдың 02 сәуіріндегі жағдай бойынша "Баян Сұлу" АҚ 55 340 000 акциясы орналастырылмаған.