/KASE, 25.04.12/ – 2012 жылдың 04 мамырында KASE сауда-саттық
жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZP03Y03С363 (KZ2С00001584,
KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар"
санаты, TSBNb9; 1 теңге, 6,0 млрд теңге; 12.07.11 – 12.07.14, жарты
жылдық купон жылдық 6,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп
Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
2006 жылдың 13 желтоқсанында жалпы сомасы 20,0 млрд теңгеге тіркеген
"Цеснабанк" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясындағы үшінші
шығарылымы болып табылады, және аталмыш эмитенттің биржаға
листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының тоғызыншы
шығарылымы болып келеді.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта өкілетті сатушы "Цесна
Капитал" АҚ (Астана) болады.
Орналастырудың жарияланған көлемі 2 500 000 000 KZP03Y03С363
облигация (осы шығарылымның жариялаған облигацияларының жалпы
санынан 41,7 %).
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде
Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы
қағаздың сауда-саттықтағы коды – TSBNb9. Сатып алушы кесімді бағаны
сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы)
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық
бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында
15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен
берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады.
Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші
таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын
пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені
есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны
данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі
ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның
"таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі
көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған,
http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі
Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер
сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі.
Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең
немесе сатушы үшін пайдалырақ болатын өтінімдердің бағалары бойынша.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер
бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере
алады.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен
http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbnf9b9_2011.pdf мекен-жайы
бойынша танысуға болады.