"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P33870117 (KZ000A0LE0R6, HSBKp) және KZ1P33870216 (KZ1P00000244, HSBKp1) артықшылықты акциялары бойынша 2012 жылға дивидендтер төлеуді көздеді

25.04.12 15:19
/KASE, 25.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) бүгін биржаға баспасөз-релизін жолдап былай деп хабарлады: "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 24 бабының талаптарына сәйкес Банктің артықшылықты акциялары және Банктің жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша 2011 жылдағы қызметтің нәтижелеріне қарай дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды: 1) Орналасқан жері Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Абай даңғ., 109 "В" Банктік деректемелері – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің монетарлы операциялар басқармасы; БИК – NBRKKZKX, корреспондентский счет – KZ87125KZT1001300313, СТН – 600 200 048 129, КБЕ – 14; 2) Дивиденд төленетін кезең – 2011 жыл; 3) Банктің бір артықшылықты акциясына және жай акцияға айырбасталатын бір артықшылықты акцисына шаққандағы дивиденд көлемі – Банктің Жарғысына және 2005 жылдың 29 наурызында Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде № А3387 нөмірімен тіркелген Банк Акцияларының шығарылымы аңдатпасына сәйкес – 13 теңге 44 тиын (он үш теңге 44 тиын); 4) дивиденд төлеу басталатын күн – 2012 жылдың 02 мамыры; 5) дивидендтерді төлеу тәртібі мен үлгісі: Банктің артықшылықты акциялары және Банктің жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 23 сәуірінің 00 сағат 00 минутында жасалды; дивидендтер 2012 жылдың 02 мамырынан 11 мамырына дейін қоса алғанда төленеді; дивидендтерді төлеу тәсілі: қолма-қол ақшамен немесе аударыммен. Банктің артықшылықты акциялары және Банктің жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуге қатысты сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу үшін "Қазақстан Халық Банкі" АҚ тобының Капиталды басқару департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласуға болады: 050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ., 109 "В", байл. тел.(8-727) 330 1091, 259 0599.