"Қазкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) жаңа банктік өнімдер мен қызметтердің бірқатары іске қосылғаны туралы хабарлады

24.04.12 16:52
/KASE, 24.04.12/ – Бағадлы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE), ресми тізімінде тұрған "Қазкоммерцбанк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 24 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қазкоммерцбанк электрондық коммерция мен банктік қызмет көрсету саласында жаңа техникалық шешімдерге негізделген бірқатар өнімдерді қолданысқа енгізді: Қазақстандағы алғашқы халықаралық бонустық контактісіз төлемдер жасау технологиясымен MasterCard PayPass картасын; қазақстандық танымал Chocolife.me дисконт-сервисімен бірлесе отырып, кобрендингтік картасын; сондай-ақ i Phone және Android үшін Homebank-тің жаңартылған мобильдік нұсқасын іске қосты. "Интернет пен мобильді құралдар адамдардың әдеттерін өзгертіп, өмірлеріне де өзгерістер енгізіп келеді. Бұл өзгерістер банк қызметіне де әсер етпей қоймайды. Біз әлемдік технологиялардан тыс қалмай, клиенттерімізге бүгінгі күні озық, алайда қолданылуы жағынан қарапайым әрі ыңғайлы өнімдер мен қызмет түрлерін ұсынамыз",– деді Қазкоммерцбанктің атқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_240412.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_240412_e.pdf – ағылшын тілінде.