"Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
24.04.12 17:52
/KASE, 24.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Шығыс Қазақстан
обл., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы).
Компанияның ақпаратына сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C33970019 жай акцияларының жалпы
саны 369 333 дана, артықшылықты KZ1P33970115, KZ1P00000202
акциялар саны – 25 200 дана;
- компанияның 166 200 жай акциясы және барлық артықшылықты
акциясы орналастырылған.
Аталған үзінді көшірмеге сәйкес, компанияның жалғыз акцонері, тиісінше,
компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға С.К. Толукпаев болып
табылады.