2012 жылдың 24 мамырында "Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясы" АҚ (казахстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

24.04.12 16:50
/KASE, 24.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Коммеск-Өмір" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 24 мамырында сағат 11:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - компанияның 2011 жылғы қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 2011 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту: - компанияның 2011 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы аудиторлық есеп; - компания акционерлерінің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымданулары туралы ақпарат; - компанияның аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау; - компания Директорлар кеңесінің мүшелерімен сақтандыру келісім-шарттарын жасасу. Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Наурызбай батыр көш., 19.