2012 жылдың 24 сәуірінде "Атамекен-Агро" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің отырысы болады
24.04.12 12:23
/KASE, 24.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау), биржаға
2012 жылдың 24 сәуірінде сағат 17:00-де өзінің Директорлар кеңесінің
отырысы басталатыны туралы мәлімдеме жасады. Отырыстың күн
тәртібінде:
- ет бағытындағы тұқымдық мал бағуды дамыту бойынша бизнес-
жоспарды қарастыру ("Атамекен-Агро" АҚ шоғырланған тобы бойынша);
- мал өсіру жобаларын дамыту жоспарларын енгізуді есепке алғанда
2012 жылға өзгертілген өндірістік бюджетті бекіту;
- 2012 жылға инвестициялық бюджетті бекіту.