"АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигациялары бойынша 4-ші купондық төлем бойынша қарызын ішінара өтегені туралы хабарлады

24.04.12 12:10
/KASE, 24.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АБДИ Компани" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, өзінің KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, KASE ресми тізімі, "буферлі санат" санаты, ABDIb1; 10 000 теңге, 9,0 млрд теңге; 08.01.08 – 08.01.13; инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, төртінші купондық кезеңге жылдық 8,80 %) облигациялары бойынша төртінші купондық сыйақыны төлемі бойынша қарызын ішінара өтегені туралы хабарлады. Хатында "АБДИ Компани" АҚ былай деп мәлімдеді: "АБДИ Компани" АҚ бірінші шығарылымы облигацияларының аңдатпасына (ҰСН KZ2C0Y05C804) сәйкес, 2012 жылдың 20 сәуірінде аталмыш облигацияларды ұстаушыларға – жеке тұлғаларға 2011 жылдың 08 қаңтарынан бастап 2012 жылдың 07 қаңтарына дейінгі кезеңге қоса алғанда купондық сыйақы уақытылы төленбегені үшін өсімпұлымен бірге ішінара төленді. Ішінара төлем жасау туралы шешімді құрамына осы облигацияларды ұстаушы – барлық зейнетақы қорлары кірген Несие берушілер комитеті қабылдады. Есептелген купондық сыйақының сомасы 6 953 760,00 (алты миллион тоғыз жүз елу үш мың жеті жүз алпыс) теңге 00 тиынды құрады. Есептелген өсімпұлдың сомасы 115 509,68 (жүз он бес мың бес жүз тоғыз теңге 68 тиынды) құрады. Төленген купондық сыйақының сомасы 6 742 560,00 (алты миллион жеті жүз қырық екі мың бес жүз алпыс) теңге 00 тиынды құрады. Төленген өсімпұлдың сомасы 112 001,41 (жүз он екі мың бір теңге 41 тиынды) құрады. "АБДИ Компани" АҚ ақпаратына сәйкес, төлемдердің толығымен төленбеуінің себебі аталмыш облигацияларды ұстаушылардың бірінің белсенді деректемелерінің болмауы болып отыр. Осы облигациялардың шығарылым аңдатпасына сәйкес, "АБДИ Компани" АҚ осы сыйақыны 2012 жылдың 08 қаңтарынан 17 қаңтарына дейінгі кезеңде төлеуі қажет екенін еске саламыз. Бұрын осы тақырыпта жарияланған KASE жаңалықтары: - 2012 жылдың 19 сәуіріндегі "KASE "Абди Компани" АҚ (Қазақстан) бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына ауыстыру негіздерін жою бойынша іс-шаралардың өзгертілген Жоспарын жариялады" – http://www.kase.kz/kz/news/show/1165562 - 2012 жылдың 12 қаңтарындағы "АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигациялары бойынша 4-ші купонды төлеуін кідіртетіні туралы хабарлады" – http://www.kase.kz/kz/news/show/1160378 Облигациялары бойынша дефолтқа жол берген листингілік компаниялардың тізімі KASE веб-сайтында "Эмитенттер" бөлімінде ("дефолт"салымшасында) http://www.kase.kz/kz/emitters мекен-жайы бойынша жарияланған. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.