"Великая стена" акционерлік инвестициялық жылжымайтын мүлік қоры" АҚ KZ1C56580018 (KZ1C00000090, VSTN) жай акциялары бойынша 2012 жылдың бірінші тоқсанына дивидендтер төлеуді жоспарлап отыр
24.04.12 10:08
/KASE, 24.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Великая стена" акционерлік инвестициялық
жылжымайтын мүлік қоры" АҚ (Алматы, бұдан әрі - Қоғам) биржаға
ресми хат жолдап, былай деп хабарлады:
...Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысының 2012 жылдың 17 сәуіріндегі
хаттамасына сәйкес Қоғамның жай акцияларын ұстаушыларға дивидендтер
төлеу туралы шешім қабылданды:
1) Дивидендтер төленетін кезең – 2012 жылдың 1 тоқсаны;
2) Тізілімді тіркеу күні – 2012 жылдың 18 сәуірі;
3) Дивидендтерді төлеуді бастау күні – 2012 жылдың 23 сәуірі;
4) Бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері – 60 626 (алпыс мың
алты жүз жиырма алты) теңге.