2012 жылдың 24 мамырында "Рахат" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

23.04.12 14:19
/KASE, 23.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Рахат" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 24 мамырында сағат 16:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - компанияның Директорлар кеңесі мен Басқармасының 2011 жылдағы жұмыстарының есебін бекіту; - компанияның 2011 жылғы шоғырландырылған қаржылық есеп берушілін бекіту; - компанияның 2011 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту; - компанияның есептік комиссиясының құрамы мен мерзімі; - акционерлердің компания пен оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жолдамалар мен оларды қарастыру нәтижелері туралы мәселені қарау. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Зенков көш., 2а.