Fitch "Қазкоммерцбанк" ақ және "центркредит Банкі" ақ рейтингілік бағалауын көтерді, "атфбанк" ақ, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ, "Kaspi Bank" ақ рейтингілік бағалауын растады

23.04.12 11:30
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 19.04.12, Fitch Ratings ағылшыннан аудармасы, KASE тақырыпшасы/ – Fitch Ratings Қазкоммерцбанкінің ("ҚКБ") ұзақмерзімді эмитенттің дефолт рейтингін ("ЭДР") "B-" деңгейінен "B" деңгейіне және ЦентрКредит Банкінікін ("ЦКБ") "B" деңгейінен "B+" деңгейіне дейін көтерді. Сонымен қатар Fitch қазастандық басқа үш банктің ұзақмерзімді ЭДР растады: АТФБанкінікін "ВВВ", Халық Банкінікін "ВВ-" және Kaspi Bank-тікін "В-" деңгейінде. Сонымен қатар, Fitch ЦКБ ресейлік еншілес құрылымы ЦКБ-Мәскеу ұзақмерзімді ЭДР "В" деңгейінен "В+" деңгейіне дейін көтерді және ҚКБ еншілес құрылымы Москоммерцбанкінің ("МКБ") рейтингін "В-" деңгейінде растады. АТФБанкінің "Жағымсыз" деген рейтингін есептемегенде, барлық ұзақмерзімді рейтингілер бойынша болжам- "Тұрақты". Рейтингілік әрекеттердің толық тізімі осы хабарламаның соңында берілген. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1165675 мекен-жайы бойынша танысуға болады.