"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 08 мамырында өтетін акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізілді

20.04.12 17:07
/KASE, 20.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) компания акционерлерінің 2012 жылдың 08 мамырында сағат 15:00-де өтетін кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілгені туралы хабарлады: - компанияның 2011 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 2011 жылғы таза табысын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу және компанияның бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін бекіту; - 2011 жылы компания акционерлерінің компания және оның лауазымды тұлғаларының қызметіне шағымдарын қарастыру; - 2011 жылдағы жұмыстың қорытындылары бойынша тәуелсіз директорларға қосымша сыйақы төлеу; - компанияның Директорлар кеңесінің өкілеттіктерін тоқтатып, компанияның жарғысында қарастырылған мерзімге компанияның Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау; - 2012 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша компанияның таза табысын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу және компанияның бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін бекіту Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Астана қ., Абай даңғ., 31, отырыс залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың 07 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылған. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 15 мамырында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанда Астана қ., Абай даңғ., 31, тел.: (717) 258 77 13; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады.