27 СӘУІРДЕ БИРЖАДА "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ ХОЛДИНГІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

19.04.12 15:30
/KASE, 19.04.12/ – 2012 жылдың 27 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ (Астана) KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASTb3; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 18.07.11 – 18.07.16, жарты жылдық купон жылдық 8,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Аталған облигациялар шығарылымының андеррайтері "ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы) және "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Орналастырудың жарияланған көлемі 1 000 000 KZ2C0Y05E065 облигация (осы шығарылымның жариялаған облигацияларының жалпы санынан 2,5 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – KASTb3. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі - 70 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның таза бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабынай сәйкес есептеледі. Сату алудың шектелімді өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Бағасы кесімді бағаға тең немесе бағасы одан төмен өтінімдер кесіледі. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/KAST/kastf9b3_2011.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Облигациялар шығарылымының аңдатпасына 2011 жылдың 19 қазанында тіркелген өзгертулер мен толықтырулар – http://www.kase.kz/files/emitters/KAST/kastf9b3_ism_191011.pdf. (KASTb3) Облигациялар шығарылымының аңдатпасына 2011 жылдың 11 қарашасында тіркелген толықтыру – http://www.kase.kz/files/emitters/KAST/kastf9b3_ism_161111.pdf.