"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
19.04.12 11:15
/KASE, 19.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының
еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың
01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C53110017 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 160 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- Компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі
акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Қазақстан Даму Банкі" АҚ
(Астана) болып табылады.