"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
19.04.12 11:15
/KASE, 19.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық
компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған ( тек KZ1C23640010 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 50 289 005 дана;
- компанияның 45 877 483 акциясы орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес
және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз
тұлға және, тиісінше, жалғыз акционері "КазАгро" Ұлттық басқару
холдингі" АҚ (Астана) болып табылады.