"Еуразиялық банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP02Y07D257 (KZ2C00001220, EUBNb9) облигациялары бойынша 7-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

18.04.12 15:17
/KASE, 18.04.12/ – "Еуразиялық банкі" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 16 сәуірінде өзінің KZP02Y07D257 (KZ2C00001220, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, EUBNb9; 100 теңге, 22,0 млрд теңге, 15.10.08 – 15.10.15; жарты жылдық купон жылдық 13,00 %, 30/360) облигациялары бойынша жетінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 1 288 943 493,50 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.