"Еуразиялық банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP01Y15D252 (KZ2C00001212, EUBNb8) облигациялары бойынша 7-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
18.04.12 15:13
/KASE, 18.04.12/ – "Еуразиялық банкі" АҚ (Алматы) 2012 жылдың
16 сәуірінде өзінің субординацияланған KZPC7Y10B656 (KZ2C00001212,
KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар"
санаты, EUBNb8; 100 теңге, 15,0 млрд теңге, 15.10.08 – 15.10.23; инфляция
деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, есептік купондық кезеңге
жылдық 9,80 %, 30/360) облигациялары бойынша жетінші купондық
сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап,
ресми хат жолдады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
38 767 820,00 теңгені құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.