/KASE, 17.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана),
биржаға 2012 жылдың 17 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап,
былай деп хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (бұдан әрі ҚМГ) тендерлік процедуралардың
ашықтығын қамтамасыз ету және сатып алудың қазақстандық
мазмұнының үлесін арттыру жөніндегі жұмыстарды бастады.
Өткен аптада ҚМГ бұқаралық ақпарат құралдарына тендерлік
процедуралардың ашықтығын күшейту, қазақстандық қамтудың үлесін
арттыру мақсатында ұлттық компанияның менеджерлер тобы қабылдаған
шаралар туралы хабарлаған болатын. Осындай іс-шараның бірі ретінде
компанияның интернет-порталында және еншілес кәсіпорындардың веб-
сайттарында 2012-2016 жылдарға жоспарланған тауарлар мен қызметтерді
сатып алудың толық ақпараты жарияланғанын айтуға болады.
ҚМГ аталмыш құжаттарды ашық жариялау арқылы жұртшылық пен барлық
отандық тауар сатушылар мен қызмет көрсетушілер үшін ақпараттық
ашықтықтың жаңа деңгейіне көтерілгенін мәлімдейді.
Компанияның сатып алу жоспарларын жариялауы БАҚ-ының сатып алу
тақырыбына қызығушылығын оятумен қатар "ҚазМұнайГаз" Ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамының атына кейбір интернет-сайттар
мен республикалық басылымдардың сын айтуына да жол ашты. ҚМГ сыни
жарияланымдар үшін журналистерге алғысын білдіреді: аталмыш салада
қоғамдық бақылаудың орны ерекше және пайдалы екені сөзсіз. БАҚ
материалдарында көрсетілген барлық фактілер егжей-тегжейлі
анықталып және тексеріліп, тиісті қорытындылар шығарылатын болады.
Сонымен бірге ҚМГ жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының
жазғандарынан тақырыпқа біржақты келу көрінетініне назар аудартады:
олардың жазғандарына қарағанда, өз қызметінде барынша ашықтық
принципіне жүгінетін компаниялар сын садағына көбірек ілінуі тиіс.
цитата соңы
Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-
сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_170412.pdf
мекен-жайы бойынша танысуға болады.