"AMF Group" АҚ (Қазақстан) заңды мекен-жайының өзгеруі туралы хабарлады

17.04.12 16:33
/KASE, 17.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Астана), биржаға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылдың 28 наурызындағы "AMF Group" АҚ заңды тұлға ретінде мемлекеттік қайта тіркелуі туралы куәлігінің көшірмесін ұсынды. Аталмыш куәлікке сәйкес, "AMF Group" АҚ жаңа мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., "Алматы" ауданы, "Ақ бұлақ-3" тұрғын ғимараты, Дарабоз көш., 23/1.