"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

17.04.12 15:45
/KASE, 17.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "Бағалы қағаздардың тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C33820016, KZ000A0Q5НК5 жай акцияларының жалпы саны 77 500 000 дана, KZ1P33820112, KZ000A0RM3V6 артықшылықты акцияларының жалпы саны - 2 500 000 дана; - банктің 27 500 000 жай акциясы және барлық артықшылықты акциялары орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Цесна" Корпорациясы" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде банктің 17 686 249 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 58,95 % немесе банктің орналастырылған жай акцияларының 64,31 %) бар.