KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) жерасты жөндеу бекеттерін ашқаны туралы хабарлады

17.04.12 15:02
/KASE, 17.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тзімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 17 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс Тобы жабдықтарға іркіліс уақытын мейлінше қысқартып, тау- кен техникаларын жөндеуге кететін шығындарды барынша азайту арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіншілік беретін жерасты жөндеу бекеттерін ашты. Құрылысына 1,6 млн АҚШ долларынан астам қаражат жұмсалған мұндай бекеттер осыдан бұрын Топтың Жезқазған алаңындағы Жомарт, Оңтүстік, Степной және Шығыс кеніштерінде ашылып, әрекет етіп келеді. Осы жылдың соңына дейін Қазақмыстың басқа да өндірістік алаңдарында қосымша жөндеу бекеттерінің құрылыстарын аяқтау жоспарланды. Жөндеу бекеттері жарақталған жабдықтар негізінде Топтың құрамындағы Қарағандының механикалық-құйма зауытында жасап шығарылған. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы шамамен 15 пит-стоп, яғни өздігінен жүретін жабдықтарға қызмет көрсетіп, профилактикалық байқау жөніндегі жерасты бекеттерін ашу жоспарда бар. Бұл жобаға қарастырылған инвестиция сомасы 14 млн АҚШ долларын құрайды. Атап айтқанда, «Шығыстүстіметалл» ӨБ-ң Артемьев, Южно-Снегирихин және Николаев кеніштерінде осындай пит-стоптардың құрылысы бір уақытта басталмақ. Қызмет көрсету - отын толтыру, гидравликалық жіктерін, сұйықтық деңгейлерін, приводты таспаларын, басқару органдарын, тежеу жүйесін, жарық беру аспаптарын, сонымен қатар, автошиналардың және герметикалық жіктердің жағдайларын тексеруді қамтитын болады. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_170412.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_170412_kz.pdf – қазақ тілінде.