"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) өзінің 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің операциялық нәтижелерін жариялады

16.04.12 15:38
/KASE, 16.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың 16 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: начало цитаты "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), "CCEL" ("Қаражанбасмұнай"), "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді қосқанда, 2012 жылдың алғашқы үш айында 3 029 мың тонна (тәулігіне 249 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2011 жылдың осындай кезеңіндегіден 143 мың тоннаға, немесе 5 %-ға кем. "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалы (ӨМГ) 1 236 мың тонна (тәулігіне 101 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 177 мың тоннаға кем. "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалдары (ЕМГ) 675 мың тонна (тәулігіне 55 мың баррель) өндірді, бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6 мың тоннаға кем. Осылайша, ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 1 911 мың тоннаны құрады (тәулігіне 156 мың баррель), бұл 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 182 мың тонна, немесе 9% кем. 2012 жылдың I тоқсанында жоспар 150 мың тоннаға (шамамен 7%), орындалған жоқ, бұл кідіріс Батыс Қазақстандағы ауа-райының қолайсыздығынан болып отыр. конец цитаты Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_160412.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_160412_k.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_160412_e.pdf –/ ағылшын тілінде.