"Halyk Finance" АҚ, "BCC Invest" АҚ және Еуразиялық даму банкі "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" акционерлік қоғамының (Қазақстан) 4 487 990 KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTb3) облигациясы орналастырылғаны туралы хабарлады

16.04.12 15:30
/KASE, 16.04.12/ – "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" акционерлік қоғамының (Астана) KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTb3) облигацияларының андеррайтерлері болып табылатын "Қазақстан Халық Банкі еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, "Halyk Finance" АҚ) және "Центркредит банкі" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы, "BCC Invest" АҚ), және Еуразиялық даму банкі бүгін Қазақстан қор биржасына (KASE) ақпараттық хабарлама жіберіп, былай деп хабарлады: Осы хабарлама жүзінде "Halyk Finance" АҚ, "BCC Invest" АҚ және Еуразиялық даму банкі 13 сәуірде "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда- саттық жүйесінде өткізілген арнайы мамндандырылған сауда-саттықта "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ (Эмитент) 4 487 990 облигациясы сәтті орналастырылғаны туралы хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта Эмитенттің облигацияларын орналастыруды біріге ұйымдастырған Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) болды. Облигацияларды орналастыруға халықаралық қаржылық институты ЕАДБ қатысуы Эмитенттің несиелік сапасын растайды және анағұрлым ұзақмерзімді берешек міндеттемелерді орналастыру есебінен Эмитенттің өтімділігін жақсартуға бағытталған. Бұл эмитенттің облигацияларының үшінші шығарылымының (KZ2C0Y05E065, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASTb3; 1 000 теңге, 40 млрд теңге; 18.07.11 – 18.07.16; жарты жылдық купон жылдық 8,50 %; 30/360) шегінде жарияланған жалпы көлемінің 11,22 % құрайды. Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ, қосымша ақпарат алу үшін "Halyk Finance" АҚ, "BCC Invest" АҚ және Еуразиялық даму банкінің төмендегі өкілдерімен байланысуға болады: "Halyk Finance" АҚ: Фархад Охонов (тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FarhadO@halykbank.kz), Юлия Феллер (тел. 8(727) 330-62-12, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FellerY@halykbank.kz) "BCC Invest" АҚ: Юлия Голощапова (тел. 8 (727) 259-85-98 (ішкі. 7299), факс 8 (727) 244-32-31, e-mail: jgoloshapova@bcc-invest.kz) Еуразиялық даму банкі: Михаил Мзареулов (тел.+7-495-258-2760 (ішкі.2763) e-mail: pressa@eabr.org)