/KASE, 13.04.12/ – "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Шымкент) өзінің KZ2P0Y03E026
(KZ2P00001605, STSOb1; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 08.09.11 –
08.09.14; жарты жылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) облигацияларын
2012 жылдың 12 сәуірінде мерзімнен бұрын толық өтегені туралы және
осының аясында аталмыш облигациялар бойынша купондық сыйақы
төленді деп хабарлап, Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат
жолдады.
Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген
жалпы соманың көлемі 1 008 750 000,00 теңгені құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.
Бұрынырақ 2012 жылдың 12 наурызында осы тақырыпта "САУТС-ОЙЛ" ЖШС
(Қазақстан) өзінің KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOb1) облигацияларын
мерзімінен бұрын толық өтеуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлады" атты
KASE жаңалығы
http://www.kase.kz/kz/news/show/1163767 мекен-жайы бойынша
жарияланды.