2012 жылдың 16 мамырында "KazTransCom" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

13.04.12 15:23
/KASE, 13.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KazTransCom" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2012 жылдың 16 мамырында сағат 11:00-де компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2011 жылға компанияның жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; - 2011 жылға компанияның таза табысын бөлу тәртібін және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін анықтау; - компания акционерлерінің компания және оның лауазымды тұлғаларына шағымдануы және оларды қарастыру қорытындылары; - 2012 жылға компания аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау; - компания жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу, компания жарғысын жаңа редакцияда бекіту. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Радостовец көш., 69. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 09:30-дан басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың 10 мамырындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 17 мамырында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен Алматы қ., Радостовец/Жамбыл көш., 69/204а мекен-жайы бойынша (727) 237 73 60 телефоны арқылы таныса алады.