"HOMEBROKER" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
13.04.12 11:53
/KASE, 13.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "HOMEBROKER" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың
01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "РЕЕСТР" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C50820014 жай
акциясы) акцияларының жалпы саны 630 000 дана;
- компанияның 325 310 акциясы орналастырылған;
- компания өзінің 10 310 жаң акциясын кері сатып алды;
- компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес
және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына
иеленген жалғыз тұлға "HOMEFINANCE" ЖШС (Алматы)
болып табылады.