"АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
12.04.12 17:11
/KASE, 12.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "АБДИ Компани" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың
01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Тіркеуші "Зерде" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C39070012 жай акциялары) жалпы
саны 200 800 дана;
- компанияның 2 255 акциясы орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес
және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз
акционері және, тиісінше, жалғыз тұлға "АБДИ ГРОУП" ЖШС (Алматы)
болып табылады.