"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) 27,1 млрд теңге сомасына ірі мәмілерді жасауды көздеп отыр

12.04.12 15:18
/KASE, 12.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, "сақтандыру бойынша жауапкершілік сомасы 27 113 158 863 (жиырма жеті миллиард жүз он үш миллион жүз елу сегіз мың сегіз жүз алпыс үш) теңгені құрайтын ірі мәмілерді жасауды көздегені туралы" хабарлады.