"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) 2011 жылдағы өз қызметінің аудиттелген шоғырландырылған нәтижелері туралы хабарлады

11.04.12 18:01
/KASE, 11.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альянс Банк" АҚ (Алматы), 2012 жылдың 11 сәуірінде биржаға жолдаған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: цитаты басы "Альянс Банкі" АҚ қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес аудиттелген, шоғырландырылған 2011 жылдың есептемесін жариялады. Бұл есептеме "Альянс Банкі" АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында бекітілуі қажет. 2011 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес ҚЕХС бойынша Альянс Банкінің меншікті капиталы 2010 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 106 млрд. 67 млн. теңгеге артып, 1 млрд. 32 млн. теңгені құрады. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайына сәйкес ҚЕХС бойынша капитал тапшылығы 105 млрд. 35 млн. теңгені құрады) "Альянс Банкі" АҚ активтері 2011 жылғы 31 желтоқсанда 529 млрд. 888 млн. теңгені құрады - 2010 жылдың нәтижелерімен (427 млрд. 584 млн. теңге) салыстырғанда 102,3 млрд. теңгеге немесе 24 %-ға артты. Бұл ретте Банктің несиелік портфелі (қалыптасқан резервтерді (провизияларды) алып тастағанда) 2010 жылдың нәтижесі 251 млрд. 827 млн. теңгеден 77 млрд. теңгеге немесе 30 %-ға артып, 2011 жылдың қорытындысы бойынша 328 млрд. 784 млн. теңгені құрады. Міндеттемелер 532 млрд. 619 млн. теңгеден (2010 жыл) 2011 жылы 528 млрд. 856 млн. теңгеге дейін, яғни 3 млрд. 763 млн. теңгеге немесе 0,7 %-ға қысқарды. Қысқару негізінен бағынышты борыш пен борыштық құнды қағаздар бойынша міндеттемелердің төмендеуі есебінен болды. Бұл ретте клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттерінің көлемі 2010 жылғы 208 млрд. 798 млн. теңгеден 2011 жылдың қорытындысы 294 млрд. 237 млн. теңгеге дейін артты, яғни 85,4 млрд. теңге немесе 41 %. цитаты соңы Осы баспасөз-релизінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_110412.pdf мекен-жайы бойынша – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_110412_kz.pdf мекен- жайы бойынша – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_110412_eng.pdf мекен- жайы бойынша – ағылшын тілінде танысуға болады.