"БТА-Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" АҚ (Қазақстан) өзінің 2011 жылдағы қызметінің нәтижелері аудиттелінбегені туралы хабарлады

11.04.12 15:17
/KASE, 11.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА-Банк" Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 11 сәуірінде жолдаған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: "Лондон-Алматы" Сақтандыру компаниясы өзінің 2011 жылдағы қызметінің нәтижелері аудиттелінбегені туралы жариялады. Соңғы бірнеше жыл бойы компания қызметінің басым бағыты ерікті сақтандыру түрлері болып табылады. Осы бизнес-стратегия өз нәтижелерін берді: 2011 жылдың қорытындысы бойынша "Лондон- Алматы" компаниясы жиналған сақтандыру сыйақылары бойынша ерікті автосақтандыру (КАСКО) және жүктердің ерікті сақтандыру сегментінде бірінші орынға иеленді. Ерікті автосақтандыру (КАСКО) бойынша "Лондон-Алматы" компаниясының 2011 жылы төлеген сақтандыру сыйақыларының көлемі 529 404 000 теңгені құрады (сақтандырудың осы түрі бойынша жалпы көлемі4 275 192 000 теңге нарығындағы үлесі 12%). "Лондон-Алматы" компаниясының жүктерді сақтандыру бойынша сыйақы көлемі 1 268 707 000 теңге (осымен қатар нарық сақтандырудың осы түрі бойынша 5 276 820 000 жинады) нарығындағы үлесі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 24% құрады. Сондай-ақ, "Лондон-Алматы" компаниясының теміржол көлігін сақтандыру сегментінде және үшінші жақтар алдында азаматтық-құқықтық жауапткершілік бойынша жайғасымдары мықты. Осы баспааөз-релизінің толық мәтінімен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/LNAT/lnat_reliz_110412.pdf мекен-жайы бойынша тасынуға болады. [2012-04-11]