/KASE, 11.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Алматы), өзінің акциялар
шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен
толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды.
Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау
комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 27 наурызында тіркеп, "Цеснабанк" АҚ
Басқармасы құрамы өзгеруіне және толықтырылуына байланысты енгізілді.
Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbnf9_izm_270312.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
[2012-04-11]