2012 жылдың 11 сәуірінен бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

10.04.12 17:38
/KASE, 10.04.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2012 жылдың 11 сәуірінен бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 1, 3, 7, 14 және 28 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (Лондон) GB00B29BCK10 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_ENRC) жай акциялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше R_GB_ENRC_001, R_GB_ENRC_003, R_GB_ENRC_007, R_GB_ENRC_014 и R_GB_ENRC_028 кодтары берілді.