KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) тау-кен өндірісін техникалық қайта жабдықтау бағдарламасы аясында жаңа жабдықтар сатып алғаны туралы хабарлады

10.04.12 16:37
/KASE, 10.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 10 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс Тобы тау-кен өндірісін техникалық жағынан қайта жарақтау жөніндегі кең ауқымды бағдарламасын іске асыруын жалғастырып келеді. 2011 жылы компания жаңа заманауи жабдықтарды сатып алуға шамамен 140 млн АҚШ долларынан қаражат инвестициялады. Төбе бекіндіргіштерді, тәреулі көтергіштерді, зарядтағыш машиналар мен торкрет-қондырғыларды қоса санағанда, кен жыныстарын бекіндіріп, қауіпсіздендіруге арналған қосалқы жабдықтарды сатып алуға да айрықша мән беріліп отыр. Жалпы алғанда, Қазақмыстың өндірістік алаңдарына үлестірілетіндей, 160-тан астам бірлік қосалқы жабдықтар сатылып алынды. 2012 жылға арналған инвестициялық бағдарламада 262 млн АҚШ долларынан астам сомасына кәсіпорындарды өздігінен жүретін жабдықтармен одан әрі қайта жарақтау жоспарланған. Әсіресе, Жезқазған дивизионының қажеттіліктеріне 40 бірлік негізгі технологиялық жабдықтар мен 35 бірлік төбе бекіндіргіштер сатылып алынуда. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық мәтінімен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_100412.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_100412_kz.pdf – қазақ тілінде.