"Интергаз Орталық Азия" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

10.04.12 14:53
/KASE, 10.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C29770019 жай акцияларының жалпы саны 3 003 750 дана, KZ1P29770115 артықшылықты акцияларының жалпы саны – 41 250 дана; - компанияның барлық акциялары орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗТРАНСГАЗ" АҚ (Астана) болып табылады.