"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) тендерлік процедуралардың ашықтығын қамтамасыз ету және сатып алудың қазақстандық мазмұнының үлесін арттыру бойынша шаралар туралы хабарлады

10.04.12 12:54
/KASE, 10.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 10 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тендерлік процедуралардың ашықтығын және жариялығын күшейту мақсатында сатып алу процесіне қатысу үшін барлық әлеуетті қызмет көрсетушілерге бірдей жағдай жасауға, тауарлар, қызметтер көрсетуде қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру, қызмет көрсетушілердің арасында жағымды бәсекелестікті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ, ҚМГ тендерлік комиссиялардың толыққанды мүшелігіне "Нұр-Отан" халықтық-демократиялық партиясының, "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының өкілдері шақырылуда. Тағы бір айта кетерлік жәйт, сатып алу ісінде қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру мақсатында компанияның Сатып алуды ұйымдастыру департаменті аймақтарда тұрақты көшпелі мәжілістер өткізіп келеді. Мұндай көшпелі мәжілістер Ақтау, Жаңаөзен, Петропавл және Өскемен қалаларында өткізілді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты өтіп тұратын болады. Сатып алатын тауарлар мен қызметтерге қажеттілік жөнінде отандық кәсіпкерлермен жүйелі ақпараттық жұмыс жүргізіліп, конкурстарды ұйымдастыру ережелері мен тендерлік құжаттарды дайындау жан-жақты түсіндіріледі. Тендерлік процедуралардың ашықтығын және жариялығын күшейту жөніндегі жұмыстың басты кілті ретінде "ҚазМұнайГаз" Интернет жүйесін пайдаланып отыр. Отандық өндірушілер жоспарланған сатып алу туралы ғаламтордан біле алады. Компания сайтының www.kmg.kz "Сатып алу" бөлімінде компанияның негізгі еншілес кәсіпорындары жақын арадағы бес жыл ішінде жоспарланған сатып алатын тауарлардың каталогы орналасқан. Қазіргі уақытта 2012-2016 жылдарға арналған Каталог жарияланған. Үстіміздегі жылғы сатып алу жоспары компания тобына кіретін барлық ұйымдардың сайттарында берілген. цитата соңы