"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) биржаға өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
06.04.12 14:21
/KASE, 06.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана,
бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім
жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 415 487 527 дана;
- компанияның барлық акциясы орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес
және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз
тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып
табылады.