"Темiрлизинг" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y05C465 (KZ2C00001097, TMLZb1) облигацияларын өтеуі туралы хабарлады

05.04.12 17:40
/KASE, 05.04.12/ – "Темiрлизинг" АҚ (Алматы) өзінің KZ2C0Y05C465 (KZ2C00001097, TMLZb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге, 03.04.07 – 03.04.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 11,00 %; 30/360) облигациялары бойынша соңғы – оныншы – купондық сыйақысы төленді деп хабарлап, Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдады. Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген жалпы соманың көлемі 527 500 000,00 теңгені, соның ішінде негізгі берешек (облигацияның сомалық номиналды құны) 500 000 000,00 теңгені, ал оныншы купондық сыйақысының сомасы– 27 500 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.