ҚҰБ ҚҚК "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZP03Y03C363 (KZ2C00001584, TSBNb9) облигацияларының орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті
06.04.12 11:25
/KASE, 06.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың
14 наурызындағы ескерту хатының көшірмесін ұсынды.
Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Цеснабанк" АҚ KZP03Y03C363
(KZ2C00001584, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар
борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb9; 1 теңге, 6,0 млрд
теңге; 12.07.11 – 12.07.14; жарты жылдық купон жылдық 6,00 %;
30/360) облигацияларының орналастырылу нәтижелері туралы есебін
бекітті.
ҚҰБ ҚҚК ескерту хатына сәйкес, 2012 жылдың 12 қаңтарындағы
жағдай бойынша аталмыш облигациялардың 5 500 000 000 данасы
орналастырылды.