"FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Қазақстан) биржада бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысудан аластатылды

05.04.12 15:31
/KASE, 05.04.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 05 сәуірінен бастап биржада бағалы қағаздар сауда-саттығына қатысудан аластатылды (бұрын ашылған репо операцияларын жабуды есепке алмағанда). Бұл шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ-ын бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге лицензиясынан айыру туралы 2012 жылдың 26 наурызындағы № 115 қаулысының негізінде "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 27 тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылданды. KASE Биржалық кеңесінің кезекті отырысында "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KASE қор нарығының мүшелігінен шығару туралы мәселе талқыланады.