04 сәуірде "Альянс Банкі" АҚ биржада алтыншы шығарылымның 1 142 857 МЕУКАМ-72 (KZKDKY060066, MUM072_0006) жылдық 4,0 % сатты

04.04.12 20:57
/KASE, 04.04.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алтыншы шығарылымның МЕУКАМ-72 (KZKDKY060066, KASE ресми тізімі, "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, MUM072_0006; 1 000 теңге, 20,2 млрд теңге; 15.10.10 – 15.10.16, жылдық купон жылдық 5,40 %; 30/360) сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "Альянс Банкі" АҚ (Алматы) болды. Сатуға жарияланған көлемі 3 435 170 облигацияны құрады. Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE жеті мүшесі қатысты, олар 6 594 500 облигацияны сатып алуға он бір өтінім берді, барлық өтінімдер өтінім беру кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 192,0 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 90,3810 % (жылдық 8,0 %) бастап 105,6685 % (жылдық 4,0 %) дейін құбылды және орташа сараланған мәні 101,5593 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 5,0 %).тең болды. Белсенді өтінімдер көлемінің 24,9 % қазақстандың банктердің үлесіне, 59,0 % - банктердің клиенттеріне, 1,8 % - брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне, 14,3 % - зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне тиесілі болды. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес МЕУКАМ-72 алтыншы шығарылымын орналастыру бойынша жасалған барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталар сәтте орындалды. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемінің 30,0 % банк клиенттері, 70,0 % - зейнетақылық нарық субъектілері сатып алды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 105,6685 % деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық 4,00 % көлемінде сәйкес келеді. Осы баға бойынша үш өтінімді қанағаттандырды, сөйтіп 1 142 857 облигацияны орналастырды. Осы орайда тартылған сома 1 236 611 274,00 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды.