/KASE, 05.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың
05 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
Бүгінгі күні өаржылық сауаттылықты жоғарлату көпшіліктің аузында,
себебі қаржылық мәдениеттіліктің деңгейі мемлекеттің экономикалық
тұрақтылығына және азаматтардың өздерінің өаржылық қорғанысына
тікелей әсер етеді. Сондықтан, қаржылық мәселелерде дұрыс шешім
қабылдау үшін халықтың экономикалық белсенді бөлігінің белгілі бір
білім деңгейі болуы қажет. Халықтың қаржылық сауаттылығының деңгейіне
әсер ететін негізгі себептердің бірі қаржылық тақырыпта қолжетімді
және тәуелсіз ақпарат көздерінің болуы болып отыр.
Дәл осы себеппен, АТФБанк "Қаржылық білім" атты жаңа әлеуметтік
бағдарламаны іске қосады және 2012 жылдың 29 наурызында банкте
қаржылық сауаттылыққа арналған "Несиелендіру: негізгі сәттері"
тақырыбында алғашқы семинар болып өтті. Банктің бөлшек блогын
және несие тәуекелдерін басқаратын менеджерлері семинардың
қатысушыларына клиенттерді саралаудың қандай қырлары бар екенін,
несие бойынша қызмет қалай көрсетілетінін, және Банк тарабынан
қандай шаралар қолданылуы мүмкін екендігі туралы әңгімелеп берді.
Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE
веб-сайтында
http://www.kase.kz/ru/news/show/1164727 мекен-жайы
бойынша танысуға болады.