"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
05.04.12 10:19
/KASE, 05.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің
2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "ҚАЗРЕЕСТР" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C49190016, KZ1С00000611 жай
акциялары) акцияларының жалпы саны 200 000 000 дана;
- компанияның 158 599 957 акциясы орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп
пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Орта
Азиялық электрэнергетикалық корпорациясы" АҚ (Алматы) болып
табылады.