EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (ENRC, Біріккен Корольдік) өзінің 2011 жылдағы қызметінің алдын ала нәтижелерін хабарлады

04.04.12 14:38
/KASE, 04.04.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 21 наурызындағы баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 2011 жылдың қаржылық көрсеткіштері - Қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, мықты қаржылық көрсеткіштер. - Табыс 17% өсіп, 7 705 млн АҚШ долларын құрады. - Өнімнің бір данасының өзіндік құнының өсуінің және Басқа түсті металдар бөлімінде және Глинозем және алюминий бөлімінде өндірістің көлемі ұлғаюы нәтижесінде өткізілген өнімнің өзіндік құны 24% өсіп, 3 517 млн АҚШ долларына дейін жетті. - Базалық EBITDA 7% өсіп, 3 413 млн АҚШ долларын құрады. Базалық EBITDA маржасы 44% құрады. - 2010 жылы алынған 298 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі бір реттік кірістің нәтижесінде акцияға кіріс 10% төмендеп, 153 АҚШ центін құрады. Осы бір реттік кірісті есептемегенде, акцияға кіріс 5% өсті. - Қорытынды дивиденд бір акцияға 11 АҚШ центін құрады; толық жыл үшін дивиденд бір акцияға 27 АҚШ центін құрады дивиденд. Дивидендтер төлеу коэффициенті 18% құрады. - Жалпы бос ақша қаражаты 658 млн АҚШ долларын құрады, қарыздар 1 594 млн АҚШ долларын құрады. 2011 жылдың басынан бастап 3,7 млрд АҚШ доллары мөлшерінде қосымша қаражат тартылды. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_210312_1.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.