2012 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде биржада шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 28,8 %-ға төмендеп, 2,9 трлн теңгені ($19,7 млрд) құрады

04.04.12 17:53
/KASE, 04.04.12/ – 2012 жылдың қаңтар-наурыз кезеңінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE)* шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі, валюталық своп операцияларын қоса, 2 921,6 млрд теңгені (баламасы 19 730,7 млн АҚШ долларына тең) құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,8 %-ға (29,6 % долларлық көрсетілімде) төмендеді. Алдыңғы үш айлық кезеңмен салыстырғанда (2011 жылдың қазан-желтоқсан кезеңі) сауда-саттық көлемі 22,5 % (22,6 % долларлық көрсетілімде) төмендеді. Төмендегі кестеде 2012 жылда Биржада шетел валюталары нарығының көрсетікштері валюталарға және мәміле түрлеріне бөлініп көрсетілген, сондай-ақ 2011 жылдың салыстырмалы мәліметтері берілген. ------------------------------------------------------------------------------ Сауда-саттық көлемі ------------------------------------------------------------------ спот-нарығында, млн -------------------------------- своп- барлығы, барлығы, Жыл, USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT нарығында, млн млрд млн ай USD/KZT KZT USD ----------- -------- ------- ------- ------- -------------- -------- --------- 2012, I 3 350,2 0,9 0 322,1 1 976,0 792,1 5 337,7 2012, II 5 212,5 0,0 0 1 048,0 1 848,5 1 051,2 7 096,0 2012, III 4 703,6 1,2 0 1 291,3 2 547,5 1 078,3 7 297,0 ----------- -------- ------- ------- ------- -------------- -------- --------- Барлығы 13 266,2 2,1 0 2 661,4 6 372,0 2 921,6 19 730,7 ----------- -------- ------- ------- ------- -------------- -------- --------- 2011, I-III 22 247,2 6,7 6,8 1 282,4 5 731,3 4 103,5 28 041,3 өзг., % -40,4 -68,7 -100,0 +107,5 +11,2 -28,8 -29,6 ------------------------------------------------------------------------------ 04.01.12 бастап 31.03.12 дейінгі кезеңде Биржаның негізгі (таңертеңгілік) сауда сессиясының барлық мәмілелері бойынша есептелген теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған бағамы бір долларға 148,07 теңгені, барлық биржалық мәмілелер бойынша бір долларға 148,02 теңгені құрады. Теңгенің АҚШ долларына орташа сараланған биржалық бағам бойынша нығаю жылдамдығы ағымдағы жылы жылдық 1,69 %-бен бағаланады. 2012 жылдың алдыңғы екі айында теңгенің АҚШ долларына ревальвациясы деңгейі номиналды көрсетілімде 0,42 % құрады. 2011 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі номиналды көрсетілімде 0,61 % құрады. 2010 жылы теңгенің АҚШ долларына ревальвациясы деңгейі номиналды көрсетілімде 0,65 % құрады.