2012 жылдың 04 мамырында "Kaspi Bank"АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылды жалпық жиналысы болады

04.04.12 16:50
/KASE, 04.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2012 жылдың 04 мамырында сағат 10:00-де банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - Банк акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банктің 20114 жылғы жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; - банктің 2011 жылғы таза табысын (сақтақы капиталды қалыптастыру және басқа да аударымдар) бөлу тәртібін және 2012 жылға табыстарды бөлу нормативтерін бекіту; - банктің бір жай акциясына шаққанда дивидендтер төлеу мөлшері мен тәртібін бекіту және банктің 2011 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібі мен төлеу мерзімдерін анықтау; - 2012 жылы банктің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау; - банктің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу; - банктің қызметі туралы ақпаратты акционерлерге беру тәртібі туралы қағидаға өзгертулер енгізу; - санақ комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату, санақ комиссиясының жаңа құрамын сайлау және оның өкілеттігі мерзімін анықтау; - банктің Директорлар кеңесі мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері мен төлеу шарттарын анықтау. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Ади Шарип көш., 90. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 09:30-дан басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2012 жылдың 03 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылған. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2012 жылдың 07 мамырында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен 2012 жылдың 24 сәуірінен бастап Алматы қ., Ади Шарип көш., 90 мекен-жайы бойынша таныса алады.