ҚҰБ ҚҚК "AMF Group" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y07D139 (KZ2C00000941, AKFIb2) облигацияларын 2011 жылдың 27 тамызынан 2012 жылдың 27 ақпанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

03.04.12 17:52
/KASE, 03.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 12 наурызындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚК "2011 жылдың 27 тамызынан 2012 жылдың 27 ақпанына дейінгі кезеңде "AMF Group" АҚ қамтамасыз етілмеген екінші шығарылым купондық облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2012 жылдың 27 ақпанындағы жағдай бойынша 5 200 аталған облиагциялар орналастырылмаған. Аталған облигациялар KZ2C0Y07D139 (KZ2C00000941; 1 000 теңге, 700,0 млн теңге, 27.02.09 – 27.02.16; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы есептік кезеңге жылдық 8,80 %; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингіліе бағалауы жоқ бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы бойынша енгізілді.