ҚҰБ ҚҚК "AMF Group" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07D994 (KZ2C00001592, AKFIb3) облигацияларының орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

03.04.12 17:19
/KASE, 03.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Ақтөбе), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 07 наурызындағы мәлімдемесінің көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "AMF Group" АҚ KZP01Y07D994 (KZ2C00001592, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, AKFIb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 26.07.11 – 26.07.18; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) облигацияларының орналастырылу нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК мәлімдемесіне сәйкес, 2012 жылдың 26 қаңтарындағы жағдай бойынша аталмыш облигациялардың 730 000 данасы орналастырылды.