"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y10B079 (KZ000A0TZW44, KZIKb4) облигациялары бойынша 17-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
03.04.12 17:11
/KASE, 03.04.12/ – "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық
ұйымы" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 02 сәуірінде өзінің ипотекалық
KZ2C0Y10B079 (KZ000A0TZW44, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZIKb4; 1 теңге, 5,0 млрд теңге;
01.02.04 – 01.04.14; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық
купон, есептік купондық кезеңге 9,20 % жарты жылдық купон, 30/360)
облигациялары бойынша он жетінші купондық сыйақысын төлеуі туралы
Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
110 008 287,00 теңгені құрады, 239 148 450,00 теңге сомасында
мерзімінен бұрын ішінара төлем жасалды.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.